Медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасын тәуелсіз бағалау қоғамдық бақылау нысаны болып табылады және медициналық ұйымдардың қызмет көрсету шарттарын мынадай жалпы критерийлер бойынша бағалауды көздейді:
- ұйым туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі;
- медициналық қызмет көрсету жағдайларының жайлылығы және оларды алудың қолжетімділігі;
- медициналық қызмет көрсетуді күту уақыты;
- медициналық ұйым қызметкерлерінің мейірімділігі, сыпайылығы, құзыреттілігі;
- көрсетілген медициналық қызметтерге қанағаттану.
Медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасына тәуелсіз бағалау жүргізудің мақсаты қандай?
Азаматтарды медициналық ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
- Медициналық қызмет тұтынушыларының медициналық ұйымдардың қызметі туралы хабардар болуын жақсарту.
- Медициналық ұйымдар қызметінің жекелеген көрсеткіштерін бағалау және олардың қызметінің тиімділігін арттыруға немесе оңтайландыруға бағытталған шараларды уақтылы қабылдау.
- Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру сапасына әсер ететін жағымсыз факторларды уақтылы анықтау және оларды жою.
- Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру сапасын арттыру.
- Медициналық ұйымдар мен азаматтық қоғамның түрлі құрылымдары арасындағы диалог пен ынтымақтастықты дамыту.
Медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасын тәуелсіз бағалау қандай міндеттерді шешуге арналған?
Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру.
- Медициналық ұйымдардың осы қызметтерді ұсыну тәжірибесі туралы медициналық қызметтерді алушы азаматтардан мәліметтер алу.
- «Интернет» желісіндегі ресми сайтында медициналық ұйымның жұмысы туралы ақпаратты ұсынудың медициналық ұйымдарға келушілер (пациенттер) мен өзге де мүдделі азаматтар үшін толықтығы, өзектілігі, ыңғайлылығы көрсеткіштеріне сәйкестігін белгілеу.
- Медициналық ұйымдардың жұмыс сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- Медициналық ұйымдардың жұмыс сапасын арттыру.
Не бағаланады?
- «Интернет» желісіндегі медициналық ұйымдардың ресми сайттарының ақпараттық толықтыру мен технологиялық қасиеттерінің сәйкестігі, медициналық ұйымда орналастырылған ақпараттық және анықтамалық материалдарды қабылдау үшін ақпараттық толықтыру мен қолжетімділікті бағалау, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі.
- Медициналық ұйымдардың пациенттерінің (келушілерінің), оның ішінде тыныс-тіршілігі шектелген адамдардың қоғамдық күтулерін, мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыратын көлемде келушілердің сыртқы және ішкі абаттандырылуы мен болу жайлылығын сипаттайтын қажетті инфрақұрылым мен жағдайлардың болуы.
- Пациенттерді (келушілерді) қабылдау процесін ұйымдастыру сапасын, оның ішінде дәрігердің қабылдауына жазылу тәртібін сақтау.
* Медициналық ұйымның медициналық қызмет көрсету нәтижесіне пациенттердің (келушілердің) жалпы қанағаттануын бағалау.
ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР!
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН ТӘУЕЛСІЗ БАҒАЛАУҒА ҚАТЫСУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ:
* Сайтта азаматтардың пікіріне тәуелсіз сауалнама жүргізу үшін сауалнаманы толтырыңыз
- Сауалнама
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ БІЗ ҮШІН ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!
Сауалнамаға сілтеме - Сұрақ жауап
1 маусымнан МӘМС бойынша консультациялар 1414 арқылы беріледі
Халықтың қоңырау шалу мүмкіндігін арттыру және «жоғалған» қоңыраулардың үлесін қысқарту үшін МӘМС және медициналық көмек алу мәселелері бойынша консультацияларды 1414 бірыңғай байланыс орталығы ұсынады.
1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдарына жолданады
Бұл ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты немесе Telegram-дағы @SaqtandyrýBot сияқты Қордың баламалы байланыс арналары бұрынғыдай жұмысын жалғастыратын болады. Оператордың жауабын күтіп, уақытты жоғалтқысы келмейтін азаматтар өз сұрақтарын сол арналарға жібере алады.
Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.
С 1 июня 2023 года консультации по ОСМС будет давать ЕКЦ 1414
Для сокращения доли «потерянных» звонков и увеличения возможности дозвона для населения консультации по ОСМС и вопросам получения медицинской помощи будет представлять единый контакт-центр 1414.
Операторы 1414 будут принимать звонки и давать ответы по вопросам консультативного характера с 9.00 до 21.00. Если же обращение ситуацинного характера и требует более глубокого погружения, то оно будет передаваться в Фонд и в медицинские организации.
При этом альтернативные каналы связи Фонда, такие как мобильное приложение Qoldau 24/7, официальный сайт fms.kz или @SaqtandyrýBot в Telegram продолжают работать, как и прежде. Желающие могут отправлять свои вопросы туда, чтобы не терять время на ожидание ответа оператора.
Проверить свой статус в системе медицинского страхования и получить информацию о произведенных выплатах также можно на сайте электронного правительства egov.kz в разделе «Здравоохранение» через государственную услугу «Предоставление информации об участии в системе обязательного социального медицинского страхования в качестве потребителя медицинских услуг и о перечисленных суммах отчислений и (или) взносов».
Веб-сайт: http://fms.kz/index.php/ru/
Facebook: https://www.facebook.com/fondosms/