Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі

Жалпы тұжырымдары:

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.Әрі қарай

Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемінің тізімі

Жалпы тұжырымдары:

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.

ТМККК-ге:

  • жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
  • мыналарды:
  • медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК);
  • медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
  • шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын жоспарланған көлем шеңберінде МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек;
  • МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
  • қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санатына паллиативтік көмек және мейіргер күтімі кіреді.

ТМККК тізбесі

3ТМККК шеңберінде жедел медициналық көмек:

  • шұғыл айғақтар бойынша медициналық көмек көрсетуді;
  • шұғыл айғақтары бойынша пациенттерді медициналық ұйымдарға жеткізуді;
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар бұқаралық іс-шараларды (қоғамдық, мәдени-бұқаралық, спорт және басқа) медициналық қамтамасыз етуді қамтиды.

ТМККК шеңберіндегі санитариялық авиация:

  • пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда қажетті ресурстардың болмауына байланысты медициналық көмектің тиісті деңгейін көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді;
  • авиакөлік және автокөлік құралдарымен білікті мамандарды межелі жерге жеткізуді немесе пациентті тиісті медициналық ұйымға тасымалдауды қамтиды.

ТМККК шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек МСАК, КДК қамтиды және осы ТМККК тізбесіне енеді:

  • Бейінді мамандардың, қабылдауы және консультациясы, Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін: (18 жасқа толмаған балаларға; жүкті әйелдерге, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға; 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге; «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға; атаулы әлеуметтік көмек алушыларға; жасы бойынша зейнеткерлерге; инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарға және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратындарға) маманның жолдамасы бойынша қымбат тұратын диагностикалық зерттеулер түрі
  • Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін шұғыл стоматологиялық көмек (жіті ауырсыну): ауырсынуды басу, тісті тазалау және химиялық қатырылған құрама материалдан жасалған пломбаны салу, ауырсынуын баса отырып тісті жұлу, периостотомия, абсцестерді ашу
  • Салауатты өмі салтын қалыптастыру бойынша іс шаралар;
  • Салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша іс шаралар;
  • Отбасыны, аналық, әкелік, балалықты қорғаудағы гигиеналық оқыту;
  • Тұрғындардың сумен қамсыздануы мен тиімді тамақтауны бойынша түсіндіру жұмыстары;
  • Жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы егулерді, Қазақстан Респубоикасының Үкіметімен бекітілетін тізімі бойынша жүргізу;
  • Жұқпалы аурулар ошақтарында санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) іс шаралары.

Стационарлық көмек түрінде көрсетілетін ТМККК тізімі:

  • мамандардың, оның ішінде телемедициналық коммуникацияларды пайдалана отырып, тексеріп-қарауын, консультация беруін;
  • денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулерді;
  • медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкесдәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;
  • медициналық айғақтар бойынша қан және оның компоненттері препараттарымен қамтамасыз етуді;
  • үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ бере отырып, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігін жасауды;
  • бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етуді;
  • балалар және азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін кеш оңалтуды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес ерте және жалғастырылатын медициналық оңалтуды;
  • балалар стационарлық медициналық ұйымдарында ойнау, демалу және тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауды;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаты үшін паллиативтік көмек және мейіргер күтімін қамтиды.

ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын медициналық көмек:

  • мамандардың тексеріп-қарауын, консультация беруін;
  • медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;
  • стандарттарға сәйкес физио ем-шараны және емдік дене шынықтыруды қоса алғанда, айғақтар бойынша азаматтардың барлық санаттары үшін ерте және жалғастырылатын медициналық оңалтуды қамтиды.