1 маусымнан МӘМС бойынша консультациялар 1414 арқылы беріледі

 

Халықтың қоңырау шалу мүмкіндігін арттыру және «жоғалған» қоңыраулардың үлесін қысқарту үшін МӘМС және медициналық көмек алу мәселелері бойынша консультацияларды 1414 бірыңғай байланыс орталығы ұсынады.

1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдарына жолданады

Бұл ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты немесе Telegram-дағы @SaqtandyrýBot сияқты Қордың баламалы байланыс арналары бұрынғыдай жұмысын жалғастыратын болады. Оператордың жауабын күтіп, уақытты жоғалтқысы келмейтін азаматтар өз сұрақтарын сол арналарға жібере алады.

Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

 

С 1 июня 2023 года консультации по ОСМС будет давать ЕКЦ 1414

 

Для сокращения доли «потерянных» звонков и увеличения возможности дозвона для населения консультации по ОСМС и вопросам получения медицинской помощи будет представлять единый контакт-центр 1414.

Операторы 1414 будут принимать звонки и давать ответы по вопросам консультативного характера с 9.00 до 21.00. Если же обращение ситуацинного характера и требует более глубокого погружения, то оно будет передаваться в Фонд и в медицинские организации.

При этом альтернативные каналы связи Фонда, такие как мобильное приложение Qoldau 24/7, официальный сайт fms.kz или @SaqtandyrýBot в Telegram продолжают работать, как и прежде. Желающие могут отправлять свои вопросы туда, чтобы не терять время на ожидание ответа оператора.

Проверить свой статус в системе медицинского страхования и получить информацию о произведенных выплатах также можно на сайте электронного правительства egov.kz в разделе «Здравоохранение» через государственную услугу «Предоставление информации об участии в системе обязательного социального медицинского страхования в качестве потребителя медицинских услуг и о перечисленных суммах отчислений и (или) взносов».

 

 

Веб-сайт: http://fms.kz/index.php/ru/

Facebook: https://www.facebook.com/fondosms/